Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 18.05.2020
Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев өз жұмыс сапары аясында Түркістан облысының су шаруашылығы нысандары мен арналарын аралады. "Бүгін Түркістан облысында су шаруашылығы нысандарының жағдайымен, арналарды тазалау жұмыстарымен таныстым. Суармалы жерлерді тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін 108 км аясында арналарды механикалық тазалау жүргізілуде. Тазарту жұмыстарының 74%-ы аяқталған", - деп М.Мырзағалиев твиттердегі өз парақшасына жазды. Министрдің айтуы бойынша, аймақтағы су тасқындары кесірінен арналарды тазалау мерзімдері жылжып кетті, барлық техника төтенше жағдайды жоюға жіберілді. Бұған қарамастан жоспарланған жұмыс мерзімінде аяқталады деді.
Сонымен бірге министр Шардара су қоймасында да болды. Қазіргі уақытта бөгетті қайта құру жəне сейсмотұрақтылығын жоғарылату жобасы аясында құрылыс - монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты