Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 19.05.2020
Жібек жолы көшесінде "Көктем" маңайында салынып жатқан жаңа су құбырының құрылысы қашан аяқталады? Жаңбыр кезінде көліктің жүруі қиын.
Бұл учаскеде жаңа құбырды мердігерлік мекеме өткізуде. Бір күні бұрын осы мекеме қызметкерлері отырып қалған жерлерге тағы гравий төседі. Технологиялық талаптар бойынша құбыр өткізуде механикалық нығыздауға тыйым салынған. Топырақтың отыруы үшін арнайы мерзімдер бар. Ол кейінгі уақытта асфальтты ң отырып қалмауы үшін қажет. Соңғы күндергі жауын - шашын да əсер етіп жатыр. Сонымен қатар құбырды өткізу кезінде кейбір жер учаскелері иелерінің қарсылығы да қиындық туғызды. Сот істері қозғалып, мердігер жеңді. Оның үстіне коронавирус та кедергі жасады. Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. 10 маусымға дейін бүкіл учаскені асфальттау жұмыстары аяқталады. Аудан тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізеді.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты