Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 21.05.2020
Карантин "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-ң жұмысына кедергі болмады. Мекеме басшылығы бір бөлмеде көп қызметкерді жинамау туралы шешім қабылдады. Апта сайынғы өндірістік жиналыстар онлайн режиминде өтеді. Тұтынушылар өтініштері мен шағымдарын талдау қатаң бақыланады, дер кезінде шешім қабылданып, орындалуы қадағаланады. Өткізілетін жиындар бөлімдер жұмысының ерекшеліктерін, техникалық регламенттің орындалуын жəне тұтынушылар өтініштерін көрсетеді.
Бүгінгі күні "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-іне қарыздар: заңды тұлғалар - 250 миллион теңге, жеке тұлғалар - 38 миллион теңге.
Сонымен қатар жаңа жобалар жасақталуда, мысалы "Сулы бөгет" ( "Мокрый барьер") - жағымсыз иістерді жоюға арналған жүйе. Тұнба карталары бойында дозаторлары бар бес метрлік штангалар орнатылады, олар арқылы күкіртсутек молекулаларын жаратын химиялық реагент шашыратылады. Карантин аяқталған соң жоба жүзеге асырылады.
барлық дауыс: 5539
дауыс мұрағаты