Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 24.05.2020
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-і техникалық құжаттаманы жетілдіріп, мекеме қызметіне байланысты нормативтік-құқықтық актілерге толықтырулар мен өзгертулер ендіруде. Су есептеу торабын пайдалануға беру актіге кейбір түзетулерді енгізу жоспарлануда. Бұл құжатқа техникалық шарттарды сақтай отырып жаңа абонентті су желілеріне қосқан кезде екіжақтама қол қойылады. Оған пайдаланылып жатқан материалдың сипаттамасы, су құбырының ұзақтығы, т.б. мәліметтерді қосуды ұсынуда.
Заңды тұлғалардың су есептегіштерінен көрсеткіш алу актіне, есеп тарабын тексеру жəне оны пайдалануға берген кезде анықталған кемшіліктер актіне түзетулер енгізілуде. Ұсынылып отырған түзетулер тұтынушы мен қызмет ұсынушының жауапкершілік аймағын, олардың бір-бірінің алдындағы міндеттері мен құқықтарын нақтылауға мүмкіндік береді.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты