Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 25.05.2020
Қалада су жəне кəріз желілеріне қызмет көрсету екіге бөлінді. Желілердің пайдаланылуы мен жөндеуіне екі мекеме жауап береді: "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-і жəне "Су мен кәрізді басқару" МКК. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-ң жауапкершілік аймағы - қаланың ескі əкімшілік шекаралары. Қаланың теріскей бөлігінде ол келесі шағын аудандар: "Самал-1", "БАМ", "Тараз", "Теріскей", "Қайтпас-1". Шығыс бөлігінде: "Күншығыс" шағын ауданы, "Кабиско" аймағы, Момынов көшесі (жол түісуіне дейін), Ворошиловка (Жастар көшесі мен Еламан ауданын қоспағанда) жəне Бадам-2. Оңтүстік бөлігінде бұл Жұлдыз ауданы (бір бөлігі, екінші бөлігіне "Сайрам Тазалық" ЖШС-і қызмет етеді), Оңтүстік, НПЗ, Қарабастау аудандары, "Сəуле" шағын ауданының бөлігі, "Қазығұрт" жəне "Құрсай-2". Қаланың батыс бөлігінде Гагарин көшесімен "Қорғасын" жəне "Жайлау" шағын аудандарына дейін, жəне "Тельман" бөлімшесі. Шымкенттің барлық жаңа шағын аудандары жəне қалаға қосылған елді мекендерге "Су жəне кəрізді басқару" МКК қызмет көрсетеді. Сумен қамтамасыз ету жəне суды бұру бойынша проблемалар пайда болған жағдайда осы мекемелерге хабарласыңыздар. "Су мен кәрізді басқару" МКК диспетчерлік қызметінің телефоны - 47 61 82, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-ің орталық диспетчерлік қызметінің телефоны - 32 12 74. Сіздің ауданыңызға қызмет көрсету сапасына жауапты мекемені айтады.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты