Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 27.05.2020
Шығыс Қазақстан облысында Большое көлінде жүздеген өлі жабайы үйректер табылды. Өлу себебі белгісіз, көл демалушылар мен балықшылар үшін жабылды. Қазір астаналық зертханада су сынақтары мен құстар зерттеуі жүргізілуде. Дегенмен жергілікті тұрғындар бұл оқиға үлкен апаттың алды екеніне сенімді. Жергілікті мекемелер жылдар бойы көлге қалдықтарын төгіп келген. Большое көлі ластанғанын билік көптен бері біледі. Екі жылға бұрын жүргізілген зерттеулер мұнда мышьяк, қорғасын, калий жəне бериллий бар екенін анықтаған.
Экологтар көл өз күшімен тазалана алмайтынын мәлімдейді. Оны тазалау үшін арнайы жоба қажет. Көлді тазалау үшін 2 миллиард теңге қажет.
Бес күннен кейін мамандар жауап беруі тиіс: құстардың қырылуы - бұл адами фактор ма əлде табиғи аномалия ма. Ал жергілікті тұрғындар осыдан кейін билік көлді тазалауға кіріседі деп үміттенеді.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты