Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 01.06.2020
Алматыда халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері екі адамды құтқарды
Алматы қаласы Наурызбай ауданы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері Ержан Әбдіразақов екі адамды құтқарды.
Ержан 1414 колл-орталығында бейнетанушы болып жұмыс істейді. «Бүгін мен екінші ауысымда жұмыс істеймін, сондықтан мен 14.00-ге дейін халыққа қызмет көрсету орталығына бара жатқан болатынмын. Менің алдымда полиция көлігі келе жатты, бірақ жол люгі жанында тұрған адамдарды көргенде, ол тежелді. Көліктен түсіп бара жатып, құдықта жатқан екі адамды көрдім. Екеуі де есінен танып қалған екен. Солардың бірі «Алматы Су» мекемесінің киімінде, - дейді Ержан бүгінгі оқиға туралы.
Полиция жедел жәрдем қызметкерлерін шақырды, бірақ Ержан көмек келуін күтпеді, ақ көйлегін шешіп, мұрнына жанында тұрған әйел берген дымқыл орамалды байлап, төменге түсті. Онымен бірге тағы бір жолаушы түсті. Жедел жәрдем келген кезде, екі адам да сыртқа шығарылып, ес-түссіз болған.
«Төмен түсу керек пе, жоқ па деген сұрақ менің алдымда болмады, өйткені бұл адамдардың өмірі ғой. Сол кезде мен өзім туралы ойламадым, оларды құтқару туралы бір ғана ой келді», - дейді Ержан.
Айта кетейік, Ержан Әбдіразақов мемлекеттік корпорацияда 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Ол үлгілі отбасы адамы, үш баланы тәрбиелеуде. Қазіргі уақытта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өз қызметкерін белсенді азаматтығы мен әлеуметтік жауапкершілігі үшін марапаттау мәселесін қарастыруда.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты