русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 03.06.2020

Шымкентте сумен жабдықтау жүйесінің он-лайн цифрлық гидравликалық моделі енгізілуде
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң мамандары және «Uros» фин компаниясы цифрлық технологиялар негізінде гидравликалық модельдеу бойынша жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Қазір ақпараттық жүйелерді мәліметтер массивімен толтыру жүріп жатыр. Шымкент су арнасы бұл бағыттағы жұмысты Қазақстан бойынша алғашқы болып бастауда.
Цифрлық гидравликалық модельді енгізу көптеген артықшылықтарға ие. Біріншіден, сумен жабдықтау қызметтерінің сапасы артады. Операторлар барлық қажетті ақпаратты он-лайн арқылы ала алады, бұл өз кезегінде мәселелерді тез шешуге мүмкіндік береді. Мысалы, судың қысымына байланысты.
Гидравликалық модель судың жасырын шығындарын анықтайды. Әлемдегі су қызметтерін ұсынатын көптеген ұйымдар үшін бұл ағып кетулер нағыз апат болып табылады. Гидравликалық модель өндірістік және инвестициялық шығындарды азайтуға және айтарлықтай ақша үнемдеуге мүмкіндік береді.
Финляндиялық серіктестер жүйе Шымкентте апробациядан өткеннен кейін Қазақстанның басқа қалаларының су арналары, сондай-ақ көрші елдердің кәсіпорындары технологияға қызығушылық танытатынына сенімді.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары