Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 04.06.2020
Шымкенттегі су және кәріз желілерін қайта құру
Шымкенттегі су және кәріз желілерінің ұзындығы қанша? Желілер қаншалықты тозған? Қаланың қай аудандарында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және жоспарлануда? Бұл өзекті сұрақтарға «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і күрделі құрылыс бөлімінің бастығы Бұлан Тұрлыбеков жауап берді.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ің балансында 1882,2 шақырым су құбыры және 463,14 шақырым кәріз желілері.
Қазіргі уақытта сумен жабдықтау желілерінің тозуы 47,97% құрайды, бұл жалпы ұзындығының 902,8 км құрайды, ал кәріз желілерінің тозуы – 76,0% немесе 351 км. Жыл сайын компания инвестициялық жоспарларға сәйкес, ескірген желілерді қалпына келтіруді жүзеге асырады.
2001 жылдан бастап кәсіпорында 882,4 км сумен жабдықтау желілері қайта құрылды. Қайта құруды қаржыландыру «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің жеке қаражаты және Еуропалық қайта құру және даму банкінің несиелері есебінен бөлінеді.
2020 жылы мақұлданған инвестициялық бағдарламаға сәйкес жалпы ұзындығы 23,87 км болатын 49 сумен жабдықтау желісін және жалпы ұзындығы 2,05 км болатын 7 канализациялық желіні қайта құру қарастырылған.
Еңбекші ауданында Жібек Жолы, Тәжібаев, Ақназархан, Жолдасбеков, Иляев және т.б. көшелерінің бойында 16 нысанды (оның ішінде 2019 жылдан бастап өтпелі нысандарды қоса) пайдалануға беру жоспарланған.
Әл-Фараби ауданында Қонаев бульвары, Қазыбек би, Ерманов, Тәшенов, Иляев, Диваев және т.б. бойында 20 нысанды (оның ішінде 2019 жылдан бастап өтпелі нысандарды қоса) аяқтау қажет.
Абай ауданында – Қабылбеков, Қожанов, Құрманбеков, Жарқынбеков, Абай және т.б.көшелер бойындағы 11 нысан.
Қаратау ауданында – 2 нысан, Айдын, Тұлпар көшелерінде.
Барлық жұмыстар жоспарланған түрде жүргізілуде. Егер азаматтардың жұмысты жүргізу мен сапасына қатысты сұрақтары туындаса, сіз бізге қоғаммен байланыс бөлімі, әлеуметтік желілер немесе +77019892219 телефоны арқылы хабарласа аласыз.
барлық дауыс: 5539
дауыс мұрағаты