Жаңалық - Құттықтаймыз
новость от 07.06.2020
Құрметті Шәріпбек Қорғанбайұлы!
Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізді өмірден тоқығаны мол, кең ойлап, қамқор қолын ұсынып жүретін аяулы азамат, аға ретінде жақсы білеміз.
Oлай болса, Алпыстың асуынан асып, жетпіске аяқ басқан шағыңызда да көзіңізден от кетпесін, жүрегіңізден жылу кетпесін дей отырып, елге етер еңбегіңіз, келер ұрпаққа берер тәліміңіз алдағы уақытта жалғасын табады деп сенім білдіреміз. Өсіп-өнген, ұрпақ тәрбиелеген, құда-құдағиларыңыз бен дос-жарандарыңыздың ыстық ықыласына бөленген өзіңізге тек жақсылықтар, қуаныштар мен бақытты ғұмыр тілейміз.
Ізгілікті нұрын шашар маңайға,
Адамсыз ғой үлгі болар талайға.
Жақсылықты өзіңізден көп көрген,
Ұмытпайды туған-туыс қалайда!
Үлгі болған үлкенге де жасқа да,
Сыйлар сізді туған-туыс, басқа да.
Бақытты боп бұл өмірде мәңгілік,
Қуатыңыз таусылмасын 100 жаста да!
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты