русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Құттықтаймыз

новость от 11.06.2020

Құрметті Рысқұлбек Ержігітұлы!
Сізді «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң ұжымы шын жүректен 60-жасқа толуыңызбен құттықтайды. Адам баласының ұзақ өміріндегі бел-белестердің бәрі де елеулі саналса керек. Сөйтсе-дағы кемел жасы 60-тың орны мүлдем ерекше екені баршаға мәлім. Ағалық ардақты асудан асып, ақсақалдық мерейлі кезеңге көтерілер бұл шақтың тал түс аталуы бекер емес-ау. Міне, сіз де аман-есен алтыншы асқардың шыңына қол созып отырсыз. Сіздің өрелі істеріңізді айтқанда ауыз толады, өйткені Сіздің өміріңіз нағыз майталман маманның, ұлағатты әкенің, еліміздің абзал азаматының өнегесі. Өз еңбек жолыңызда талай белеске шығып, ұжымның және достарыңыздың құрметіне бөлендіңіз. Бүгінгі мерейтойыңызда Сізге және туыстарыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбекте тың табыстар мен өмірдің асқақ абыройын тілейміз!
Еңбек жолың татиды сан аңызға,
Саған қарап қуанып қаламыз да.
Отбасыңда бақытты ғұмыр кешіп,
Аман-есен жүре бер арамызда.
«Алпыс – тал түс» дейді халық данасы,
Алпыс деген өң мен түстің арасы.
Бір әулеттің өзің алтын қазығы,
Аман болшы, аяулы ел ағасы!

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары