Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 10.06.2020
Жаңа технологиялар мен әдістер
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і сумен жабдықтау және кәріз саласындағы технологиялық жаңалықтарды сәтті қолданады. Олар туралы күрделі құрылыс бөлімінің басшысы Бұлан Тұрлыбеков әңгімелеп берді.
Кәсіпорында сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта құру кезінде көлденең-бұрғылау әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдіс бойынша асфальті бұзбай құбыр төселеді. Белгілі бір уақыт аралығында жерде арнайы тесіктер жасалып, олар арқылы құбырлар кіргізіледі. Құбырларды төсеу әдісі жолдарды жаппай және көлік құралдарын тоқтатпай орындалады. Бұл еңбекті көп талап етпейтін және таза әдіс. Айтпақшы, бізге өзбекстандық әріптестер көлденең-бұрғылау қондырғысының тәжірибесін зерттеуге келген.
Одан басқа біздің кәсіпорында құдықсыз тығындаушы арматура мен өрт гидранттарын орнатуды енгізу басталды. Су өткізгіштерде вантуздар қолданылады, олар желілердегі соққыларды болдырмайды. Соңғы үлгідегі су есептегіштері енгізілген қысым реттегіштері орнатылған. Мұның бәрі сумен жабдықтау және су бұру саласындағы қызметтеріміздің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
барлық дауыс: 5539
дауыс мұрағаты