Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 11.06.2020
Қала әкімі М.Әйтенов инженерлік инфрақұрылым мәселелері бойынша кеңес өткізді
Шымкентте 53 шағын аудан шалғай жерде орналасқан. Қазір бұл тұрғын аудандарда инфрақұрылым құру жұмыстары қызу жүріп жатыр.
Тұран, Батыс, Ынтымақ-2, Жаңатұрлан, Асар-2 шағынаудандарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бюджеттен 5 миллиардқа жуық теңге бөлінді. Жыл аяғына дейін Игілік, Қызылжар, Тәуелсіздікке - 20 Жыл, Көкбұлақ, Абдулабад, Өтеміс ықшам аудандарында сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы аяқталып, тұрғындар ауыз суға қол жеткізе алады.
Жиналысты қорытындылай келе, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2025 жылға қарай халық сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі керек екенін атап өтті. Мегаполис әкімі басшыларға осы бағытта жұмысты жандандыруды тапсырды.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты