Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 18.06.2020
Өзбекстан Республикасы су ресурстары министрімен бейнеконференция
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Өзбекстан Республикасының Су ресурстары министрі Шавкат Хамраевпен бейнеконференция арқылы кездесу өткізді.
Министрліктер басшылары су қатынастары саласындағы ынтымақтастық туралы Жол картасының жобасын келісті. Бұл құжатта трансшекаралық өзендердің су ресурстарын басқару мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері көрсетілген. Тараптар Жол картасының іс-шараларын жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерлерін салатындарын атап өтті.
Кездесу барысында халықаралық және қазақстандық сарапшыларды тарта отырып, Сардоба су қоймасына техникалық аудит жүргізу мәселесі де талқыланды.
Өзге мәселелермен қатар, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару, пайдалану және қорғау туралы келісімнің жобасы талқыланды.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты