Жаңалық - Пайдалы кеңестер
новость от 23.06.2020
Егер сіздің отбасыңызда зорлық-зомбылық болса, сіз келесі әрекеттерді орындауыңыз керек:
1. Дереу полицияға «102» телефонына зорлық-зомбылық туралы ауызша мәлімдеме арқылы немесе qamqor.gov.kz порталы арқылы (онлайн режимінде тіркелу керек) хабарласыңыз. Сізде полиция қызметкерлерінен тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жерге барып, құқық бұзушыға қарсы шара қолдануды талап етуге құқығыңыз бар.
2. Жарақат алған жағдайда «103» нөміріне жедел жәрдем шақырыңыз. Сот-медициналық сараптамадан өту үшін полиция қызметкерінен анықтама алыңыз.
3. Ақысыз «150» немесе 77081060810 (WhatsApp) нөміріне, www.telefon 150.kz веб-сайтына, тәулік бойы жұмыс жасайтын зорлық-зомбылық жағдайындағы балалар, жастар мен адамдарға арналған ұлттық сенім телефонына қоңырау шалыңыз. Онда сізге психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіледі, учаскелік инспекторлардың, дағдарыс орталықтарының және басқа да қажетті ұйымдардың байланыстары беріледі. Шағымның анонимділігі мен құпиялылығына кепілдік беріледі.
4. Барлық аймақтарда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызға қауіп төнген жағдайда сіз осы орталықтарға жүгіне аласыз.
5. Әр аймақта әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар бар, олар сізге кеңес береді және қолдау көрсетеді.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты