Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 02.07.2020
Қазақстан мен Өзбекстан су саласындағы бірқатар мәселелерді реттейтін құжатқа қол қойды
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы М.Мырзағалиев Өзбекстанмен су саласындағы маңызды құжаттың жасалғандығын жариялады.
«Бүгін Ташкентке жасаған жұмыс сапары аясында Өзбекстанның су шаруашылығы министрі Ш.Хамраевпен екі елдің су қатынастары саласындағы ынтымақтастық туралы Жол картасына қол қойылды», - деп жазды М.Мырзағалиев бейсенбіде Twitter-дегі парақшасында.
«Бұл су секторындағы бірқатар мәселелерді реттейтін өте маңызды құжат. Атап айтқанда, 1991 жылдан бастап салынған және қайта жаңғыртылған су объектілерінің бірлескен техникалық зерттеуін және мониторингін; үстіңгі су қоймаларынан қосымша ағындарды қамтамасыз ету үшін бірлескен шаралар қабылдауды қамтиды», - деді министр.
«Картадағы тағы бір маңызды блок – су ресурстарын бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету», - деді ол.
М.Мырзағалиев өзбек тарапымен келіссөздер жалғасып жатқандығын, «күн тәртібінде әлі де бірнеше стратегиялық мәселелер бар» деді.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты