Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 06.07.2020
Шайынды суларды заңсыз ағызу
Шымкенттің тұрғындары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не ассенизаторлық машинасы жүргізушісінің заңсыз әрекеттері туралы видео жіберді. Мамандандырылған КамАЗ иесі ағынды суларды кәріз құдығына заңсыз ағызған. Осылайша, жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабын «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, сондай-ақ инфрақұрылымды, қала мен елді мекендердің жасыл алаңдарын бұзу» ережесін бұзды.
Ағынды суларды төгу үшін арнайы орын қарастырылған, ол тазарту құрылыстарының жанында орналасқан. Осындай машиналардың иелерімен келісімшарттар жасалған және «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і ұсынатын қызметтерге тарифтер келісілген. Қалалық желіге ағызу бітелістерге және төтенше жағдайларға әкелуі мүмкін. «Су ресурстары- Маркетинг» ЖШС-ң заң бөлімі бұл іс бойынша әкімшілік полицияға арыз дайындап жатыр. Егер сіз осындай жағдайға куә болсаңыз, 321 274 және +7 701 989 221 нөмірлеріне хабарласыңыз.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты