Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 08.07.2020
9 шілде – су қызметкерлерінің кәсіби күні
2020 жылы «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ің қызметкерлері кәсіби мерекені өте қиын жағдайда атап өтуде. Мекеме пандемия ажалынан қызметкерлерінен айырылды. Оларды біз еш уақытта ұмытпаймыз. Әріптестеріміздің отбасыларымен бірге қайғырып, оларға шын жүректен көңіл айтамыз.
Қазір көпшілігіміз қауіпті аурумен күресіп жатырмыз, барлығының тез айығып, сауығып кетуін тілейміз!
Сонымен бірге «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і өзінің басты міндетін – Шымкент қаласының тұрғындарын тәулік бойы таза ауыз сумен қамтамасыз етуді жалғастыруда! Пандемия кезінде бұл өте маңызды, өйткені су вируспен күресудің негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Ағынды сулар жүйесі мен тазарту қондырғыларының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеміз. Біздің жұмысымыз әрдайым байқалмайды, бірақ қазіргі таңда қызметкерлеріміз алдыңғы шепте тұр ...
Қиын кезеңге қарамастан біз әріптестерімізді кәсіби мерекемен құттықтаймыз! Барлығына мықты денсаулық, өркендеу және күш-қуат тілейміз!
барлық дауыс: 5539
дауыс мұрағаты