Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 09.07.2020
М.Мырзағалиев су қызметкерлерін мерекемен құттықтады
Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев су шаруашылығы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Мен су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Бұл салада өздерінің білімі мен тәжірибесін, сонымен қатар ұрпақтан-ұрпаққа осы мамандыққа деген сүйіспеншілікті беретін көптеген отбасылық еңбек династиялары бар. Барлық мамандарға, су шаруашылығы ардагерлеріне жұмысы үшін алғыс айтамын», - деп жазды М.Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында.
«Мемлекет осы саланы дамытуға үлкен назар аударады, Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағдарлама жасалып жатыр, үлкен міндеттер қойылып, жүзеге асырылуда. Мен денсаулық саласындағы барлық мамандарға мықты денсаулық, отбасылық амандық және осы қиын жұмыста одан әрі табыстар тілеймін! Қазақстандықтарды суға мұқият болуға шақырамын!», - деді министр.
барлық дауыс: 5545
дауыс мұрағаты