Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 12.07.2020
Ағынды суларды тазарту қондырғылары қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда
Тазарту қондырғылары Шымкент қаласының Абай ауданында орналасқан. Онда қала тұрғындары жұмыс істейді. Олардың барлығы басқа тұрғындар сияқты қаладағы эпидемиологиялық жағдайға алаңдаулы.
Тазарту қондырғылары қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда. Маска режимі толық сақталған. Суық тию белгілері бар адамдар жұмысқа жіберілмейді. Аурудың таралуына жол бермеу үшін шаралар қабылдануда. Ғимараттарды дезинфекциялау үнемі жүргізіледі. Қызметкерлермен байланыс шектеулі.
Барлық қызметкерлер жұмысшы мамандықтары бойынша кәсіптік даярлықтан өткендіктен, өндірісте жұмысшылар зиян тигізбестен науқас әріптестерін толығымен алмастыра алады. Барлық мамандықтар бойынша толық алмасу ағынды суларды тазарту қондырғыларының қалыпты режимде толық қуатында жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта біз сіздерге тазарту қондырғылары туралы толығырақ айтып береміз. Мұнда қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығы, қаладан келетін ағынды суларды тазарту үшін қандай технологиялар қолданылатындығы, сарқынды суларды тазарту қондырғылары қоршаған ортаның ластануын азайту және осылайша экологиялық жағдайды жақсарту үшін қалай жұмыс істейтіні туралы әңгімелеп береміз.
барлық дауыс: 5539
дауыс мұрағаты