Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 21.07.2020
ГАЖ сумен жабдықтау қызметінде Соңғы екі жыл ішінде «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і географиялық ақпараттық жүйемен (ГАЖ) тығыз жұмыс жасайды. Мұнымен «KelesTech» ЖШС-і айналысады, оның құрамына екі инженер-гидравлик және екі маман кіреді, процесті Нұрсұлтан Рахманбеков басқарады. «Екі жыл ішінде біз ауқымды жұмыс жасадық. Оған қазіргі ГАЖ мәліметтер базасын жаңарту ғана емес, сонымен қатар жаңа гидравликалық модельді құру да кіреді. Әр қадам қаланы сумен жабдықтау сапасын жақсартуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Мәселен, құрастырылған және калибрленген гидравликалық модельдің көмегімен артық қысым немесе, керісінше, төмен қысымы бар проблемалық учаскелерді, сондай-ақ магистральдық құбырлардың үлкен жүк көтеретін учаскелерін көруге мүмкіндік туды», - деді Н.Рахманбеков. Инженер-гидравликтер сумен жабдықтау сапасын жақсарту мен дамытудың түрлі жолдарын ұсынды, оларды «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң басшылығы бірден пайдаланды. Кәсіпорынның тәжірибесіне көптеген ұсыныстар енгізілді. Нәтижесінде орталық диспетчерлік қызметке суды дұрыс жеткізбеу және апатқа байланысты күнделікті өтініштер саны айтарлықтай азайды. Гидравликалық модельді жетілдіру жұмыстары жалғасуда, орталық диспетчерлік қызметке берілген әрбір өтінімді міндетті түрде инженер-гидравлик өңдейді. Сонымен қатар, туындаған проблемаларды жою және қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін түрлі жолдар ұсынылады.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
16.0%
барлық дауыс: 5539
дауыс мұрағаты