русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 26.07.2020

Заңды және тазалықты бұзушылар жазалануы керек
26 шілдеде Инстаграмдағы «Критика Шымкента» порталында Қарасу арнасына ағынды сулардың төгілуі туралы мақала жарияланды. 27 шілде күні таңертең «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і кәріз желілеріне техникалық қызмет көрсету бөлімінің мамандары учаскелік полиция инспекторымен және экология бөлімінің өкілімен бірге сол жерге барып, сараптама жүргізді. Құбырды жабу туралы шешім қабылданды. Қарасу маңындағы сауда нысандарына тексеру жүргізілуде.
Осындай фактілер анықталған жағдайда, сізден тиісті мемлекеттік органдарға жүгінуіңізді сұраймыз. Мысалы, Шымкент қаласының экология департаментіне. Телефоны 56 60 02. Заңды және тазалықты бұзушылар жазалануы керек.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын өңдеу, сондай-ақ сарқынды суларды төгу талаптарын бұзу» 344-бабы жеке тұлғаларға ескерту жасауды немесе лауазымды адамдар мен шағын бизнес субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта бизнеске – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – қоршаған ортаға келтірілген залал мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары