Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 02.08.2020
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС 2020 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелері туралы есеп берді
30 шілдеде «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС басшылығы көпшілік алдында 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметі туралы есеп берді. Іс-шара Instagram және Facebook әлеуметтік желілері арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Баяндаманы бас директордың бірінші орынбасары, кәсіпорынның бас инженері Р.Шамсутдинов жасады. Баяндамада бекітілген тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламаны іске асыруға ерекше назар аударылды.
Компания қолданыстағы сумен жабдықтау және су бұру желілерін қалпына келтіруге көп қаражат бөледі, бұл апаттар мен судың жоғалуы сияқты жағымсыз көрсеткіштерді азайтуға көмектеседі. Заманауи энергия үнемдейтін жабдықты сатып алуға, судың қатаң есебін жүргізуге және басқа шараларға салынған қаражат оң нәтиже берді.
Тағы бір маңызды сәт. Компания әрқашан абоненттердің сұрақтарына және шағымдарына жауап береді. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы келіп түскен өтініштер өңделуде. Сондай-ақ, есеп беру барысында әлеуметтік желілерді пайдаланушылар бірқатар сұрақтар қойды, оларға есеп соңынан бірден жауап берілді.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты