Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 05.08.2020
Құқық бұзушыға айыппұл салынды
Сұйық қалдықтарды қалалық кәріз жүйесіне тастаған кәріздік жүк машинасының жүргізушісі жазаланды. Еске салайық, оқиға 7 шілде күні түстен кейін Түркістан көшесінде болған.
Шымкенттің қамқор тұрғындары кәріздік жүк көлігінің жүргізушісінің заңсыз әрекеттері туралы бейнетүсірілімді «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не жолдаған. Мамандандырылған «КамАЗ» иесі қоқысты қалалық кәріз желісіне төккен.
Кәсіпорын басшылығы полиция бөлімінен құқық бұзушыны жазалауды сұрады. Шымкент ҚДП басшысы Е.Жұмаханбетов жауап хатында учаскелік полиция инспекторы бұзушы жүргізушіні анықтап, оған ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабы («Жалпы аумақты ластау») бойынша әкімшілік айыппұл салғанын айтты.
Ағынды суларды ағызу үшін арнайы орын қарастырылған, ол тазарту қондырғыларының жанында орналасқан. Осындай машиналардың иелерімен келісімшарттар жасалған және «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС ұсынатын қызметтерге тарифтер келісілген. Қалалық желіге ағызулар тосқауылдар мен төтенше жағдайларға әкелуі мүмкін. Егер сізде осындай жағдайдың куәсі болсаңыз, мына телефондарға хабарласыңыз: 321 274 және +77019892219.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты