Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 06.08.2020
«Ынтымақ-2» ықшам ауданында жаңа сумен жабдықтау жүйесі болады
Абай ауданының «Ынтымақ-2» шағын ауданының тұрғындары әлі күнге дейін ауыз су сатып алуға мәжбүр. 15 мың теңге тұратын 400 литр су бір отбасына бір аптаға әрең жетеді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
«Ынтымақ-2» ықшам ауданында сумен жабдықтауға ЖСҚ әзірленді, қала қазынасынан 50 миллион теңге бөлінді. Сумен жабдықтау желілері 10 көшеге тартылған. Нысанда «Ахмет» ЖШС-і жұмыс жасауда. Орындалған жұмыстың кепілдік мерзімі – бес жыл.
«Бұл проблема 2021 жылдың екінші жартысына дейін шешіледі. 3500 үй сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі», - дейді Абай ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілеш.
Шағын ауданда жұмыс мамыр айында басталды. Мердігер жұмысшылар санын көбейтіп, нысанды мерзімінен бұрын тапсыруға ниетті.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты