Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 13.08.2020
Шұғыл әрекет етті
11 тамызда Инстаграмдағы «Критика Шымкент» әлеуметтік желісінде Әйтеке би мен 8 наурыз көшелерінің қиылысында судың ағуы туралы ақпарат жарияланған. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і бұл мәселеге жедел ден қойды. Келесі күні адамдар мен техника Ескі қалада жұмыс істеді. Жұмыс 12 тамызда аяқталды. Сегіз үйде су жүйесі ауыстырылды. Құбырлар тартылған жерлер ретке келтіріледі.








