Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 16.08.2020
Су бұру (кәріз) жүйелеріне рұқсатсыз қосылуды заңдастыру
Өкінішке орай, жекеменшік секторда тұратын кейбір азаматтардың техникалық шарттарды сақтамай, жеке шот ашпай және қызмет ұсынушы кәсіпорынмен келісім жасамай кәріз желілеріне рұқсатсыз қосылу фактілері кездесуде. Яғни, бұл заңсыз!
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і заңсыз негізде кәріз желілеріне қосылуды жүзеге асырған абоненттерді кәріз қызметін пайдалануды заңдастыруға шақырады.
2020 жылдың 15 қыркүйегіне дейін осы мәселеге жүгінген қаланың барлық тұрғындарына консультация беруге, қажетті құжаттарды дайындауға және абоненттік базаға енгізуге көмек көрсетіледі. Анықтама үшін телефон - 8 (7252) 32-12-47 (ішкі 226).
Кәріз желілерін заңсыз негізде пайдалануды жалғастыратындарға Қазақстан республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігі төрағасының 26.09.2011ж. № 354 бұйрығымен бекітілген «Елді мекендерде сумен жабдықтау және (немесе) ағынды суларды ағызу көлемін есептеу әдістемесінің» 22-тармағы 6) тармақшасына сәйкес қызметтер көлемі саналатын болады. Бұл жағдайда қызметтердің көлемі рұқсатсыз қосылған құбырдың толық өткізу қабілеттілігі негізінде нақты пайдаланған мерзімге есептеледі.
Қазіргі уақытта қалалық желілерге қосылуды бақылау арқылы абоненттік базаны түгендеу жүргізіліп жатқандығын хабарлаймыз.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты