Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 19.08.2020
Қазақстанда экологиялық мәдениетті қалыптастыру жобасы жүзеге асырылады
Үкімет экологиялық білім беру саласындағы жобаны жүзеге асыруға шамамен 7 миллион доллар жұмсайды. Жоба өмір бойы білім берудің жан-жақты моделін жасақтауды, 17 экологиялық орталықты құруды, студенттер мен оқытушылар үшін экологиялық білім берудің оқу-әдістемелік базасын, олардың біліктілігін арттыруды және білім беру веб-ресурсын құруды қамтиды. Орталықтар 14 облыста және республикалық маңызы бар үш қалада құрылатын болады.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мектептерде жаңа пән енгізуге асықпауға шақырды. Оның пікірінше, біріншіден, педагогикалық жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру бағдарламаларын жаңарту қажет. Бұл арада эко-білім беруде факультативтер санын көбейту керек.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтқандай, жаңа оқу жылынан бастап ел мектептерінде экологиялық білім бойынша міндетті сынып сағаттары мен факультативтер енгізіледі.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты