Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 19.08.2020
Түркістан облысында тазарту қондырғыларын іске қосу жоспарланған
Түркістан облысында «Kutlar Muhendislik» түрік компаниясы ауыз су мен ағын су тазартудың заманауи модульдік станцияларын шығаруды жоспарлап отыр. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және Түркістан облысы әкімдігінің көмегімен инвесторлар қажетті жабдықтардың бір бөлігін алып, Кентау қаласында өз жұмысын бастап кетті.
Өндірісті толық іске қосқаннан кейін жобаға салынған инвестиция көлемі шамамен $1,5 млн. құрайды. Зауытта өндірілетін жүйелер соңғы технологиямен жабдықталған және тазарту құрылыстарының дәстүрлі түрлерінен бірқатар артықшылыққа ие.
- Мысалы, модульдік су тазарту станцияларының классикалық тазарту қондырғыларынан айырмашылығы, орнату үшін шамамен 20 пайызға аз орын қажет. Қоспаларды алып тастау және суды тазарту процедурасы толығымен автоматтандырылған, дәстүрліге қарағанда өзіндік құны мен бағасы төмен. Ең бастысы, пайдалануға беру қысқа мерзімде жүзеге асырылады, - деді «Kutlar Muhendislik» компаниясының құрылтайшысы Кенан Кутлар.
Мамандардың айтуынша, заманауи қондырғы лай, бөтен иіс пен дәмді, судағы қосалқы заттарды толығымен жояды. Темір, мырыш және басқа да бөгде элементтерден тазартады. Судың сапасы арнайы аспаптар арқылы бақыланады. Тазарту процесі бастан-аяқ тексеріледі. Тәулігіне қондырғы 100 мың адамға есептегенде, 20 мың текше метрге дейін суды тазарта алады. /Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі/
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты