русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 25.08.2020

Шымкентте су қалай зарарсыздандырылады?
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң мамандары Шымкент суын алынғаннан кейін бірден тұтынуға болады деп санайды. Оның сапасы өте жоғары және барлық қатаң гигиеналық және санитарлық стандарттарға сәйкес келеді. Бірақ қалаға кірмес бұрын, тереңдіктен алынған су ұзақ магистралды жүйеден (25 км) өтуі керек. Тасымалдау кезінде суды қауіпсіз ету үшін оны арнайы бекетте зарарсыздандырады.
Суды терең ұңғымалардан шығарғаннан кейін маңызды процедураны орындау қажет – зарарсыздандыру. Бұл тұрғындар үйлеріне сапалы және қауіпсіз өнімді жеткізуді қамтамасыз ететін автоматтандырылған процесс. Суды зарарсыздандыру үшін әртүрлі әдістер қолданылады – химиялық және физикалық. Ең көп таралған (химиялық) әдістің бірі – сұйық хлордың қосылуы. Құрамында хлор бар заттар да қолданылады, мысалы, натрий гипохлориті. Физикалық заттардан ультрафиолет сәулесі мен озонды пайдаланып суды зарарсыздандыру әдістері белгілі.
«Біз суды зарарсыздандыру үшін натрий гипохлоритін қолданамыз», - деді Керімбек Ағабаев, сумен жабдықтау және су бұру үшін сорғы станцияларын пайдалану менеджері. Зарарсыздандыруға қажетті мөлшер – бір литр суға 2-3 миллиграмм».
Зарарсыздандыру станциясының жүрегі – автоматты «Grundfos» қондырғысы. Құрылғы дат және неміс инженерлерінің бірлескен дамуының өнімі болып табылады. Жоғары сенімділік, өнімділігі және қауіпсіздігі бойынша ерекшеленеді. Оператор аспаптардың көрсеткіштерін қадағалап, таблеткадағы тұздың қажетті көлемін уақытында сумен арнайы ыдысқа қосуы керек. Осыдан кейін қаныққан ерітінді электролиз қондырғысына түседі, содан кейін дайын өнім 5 тонналық резервуарларға жіберіледі. Ол жерден автоматты түрде қажетті мөлшер алынып құбырға жіберіледі. Әр сағат сайын «Ақбай-Қарасу» су қабылдағышынан шамамен 10 мың текше метр су шығады, қондырғы бұл көлемді сәтті игеріп келеді.
«Бұрын біз дезинфекция үшін сұйық хлор қолданғанбыз, - деп еске алады К.Ағабаев, - өте қатал қауіпсіздік хаттамасы сақталатын, ескерту жүйесі болған. Апат немесе ағып кету жағдайында жақын маңдағы елді мекендерді эвакуациялау қажет болатын. Жаңа қондырғы мүлдем қауіпсіз, проблемалар туындаған жағдайда оны қуат көзінен ажырату керек. Ал ағып кетулер жоқ!»
Бірақ, әрине, Шымкент суының қауіпсіздігін қамтамасыз ету рәсімдері мұнымен бітпейді. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і зертханасының қызметкерлері судың сапасын бақылау бойынша күнделікті жұмыстарды жүргізеді. Үлгілер арнайы бақылау пункттерінде алынады, содан кейін олар көптеген көрсеткіштер бойынша мұқият тексеріледі. Жалпы, біздің су сапа жағынан да, дәмі бойынша да республикадағы ең жақсы су деген бағаны сенімді ұстайды.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары