Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 10.07.2024
Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Ордабасы
ауданының шаруаларын 15,6 млн текше метр суармалы сумен қамтамасыз етті. Нақты
суарылған жер көлемі 3500 га.
Суару кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету
мақсатында Ордабасы ауданында 4 гидротехникалық құрылысқа ағымдағы жөндеу
жүргізілді. Қазыналық, Алпар, Құртай, Қызылсеңгір, Мұсабек, Шабай, Бағлан, МХК
Р-6 каналдарында 19,1 шақырымы механикалық әдіспен тазаланды.
Биыл Ордабасы ауданының суармалы алқаптарына қажет
судың алдын ала жоспары 51,09 млн текше метр. Бүгінгі күні дихандармен каналдар
арқылы су беру жөнінде 26 келісімшарт жасалды.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.6%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.4%
Төлемегеніме көп уақыт болды
19.0%
барлық дауыс: 5151
дауыс мұрағаты