Жаңалық - Құттықтаймыз
новость от 03.01.2023
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-і бас директорының құттытауы
Өткен 2022 жылды "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС ұжымы жақсы нәтижелермен, табысты аяқтады. Кәсіпорын халықты сумен қамту және кәріз жүйесі бойынша қызмет көрсету саласына жаңа технологияларды енгізуге басым бағыт беріп отыр. Өндірістік процестерді цифрландыру бойынша жоспар нақты. Экологияны жақсартуға көңіл бөлінеді, бұл бағытта жақын арада тағы бір маңызды қадам жасалмақ. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС ұжымының үйлесімді жұмысына бейінді министрліктер, жергілікті әкімдік те тиісті бағасын беруде. Жылды қорытындылау кешінде кәсіпорынның бас директоры Анарбек Орман әріптестерін табысты жұмыс нәтижесімен құттықтады.
СНХ "Құрметті әріптестер, міне, бір жыл өтті! Осы уақыт ішінде біз бірге көп жұмыс жасадық және ол назардан тыс қалмады! Біздің үш қызметкеріміз мемлекеттік наградалармен, 59 әріптесіміз үш министрліктің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды, ұжымның жұмысы облыс және қала әкімдігі, облыстық және қалалық мәслихаттар тарапынан атап өтілді.Желтоқсан айында мен Астанаға бардым, онда біздің кәсіпорынға Экологияға қосқан ерекше үлесі үшін "Алтын Парыз" президенттік сыйлығы табысталды. Бұл біздің тазарту қондырғыларының жұмысы! Бұл - бүкіл ұжымның жеңісі!»
Анарбек Оңғарұлы әріптестеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық тіледі! 2023 жылға белгіленген бірнеше маңызды және жауапты міндет тұр, халыққа қызмет етудегі жауапкершіліктің жүгі жеңіл емес, барынша берліпі, таза жұмыс істеуді, қажырлылықты талап етеді. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас директоры Шымкент қаласының тұрғындарын, тұтынушыларды да Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, баршасына мықты денсаулық, амандық, табыс тіледі.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
41.2%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.4%
Жолым түскенде төлеймін
19.1%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 4998
дауыс мұрағаты