русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 14.11.2025

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі мен әділетті Қазақстан» атты Жолдауында
«Үкімет пен жергілікті атқарушы биліктің әрекетсіздігі салдарынан еліміздің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы ондаған жыл бойы қараусыз қалып, бірте-бірте оның жай-күйі өте мүшкіл жағдайға түсті.
Қазір бұл ахуалды өзгертіп, инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендету үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр. Соның ішінде тарифтерді ырықтандыру, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымын басқарудың жаңа моделін қалыптастыру сияқты шаралар бар.
Оған озық халықаралық тәжірибелерді қолданып, білікті басшыларды, соның ішінде шетел мамандарын тарту қажет.
Қазіргі жағдайда мемлекет пен бизнес серіктестік орнатпаса, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мүмкін емес. Бұл – аксиома.
Кейбір тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын әкімдіктердің қарамағында сақтап қалу қажет пе, жоқ па деген мәселені жаңаша зерделеген жөн.
Жеке коммуналдық нысандарды мемлекет меншігіне алу – даулы мәселе. Оның бәрі ерте ме, кеш пе, қайтадан жекеге өтеді.
Сондықтан мемлекет бұл саланы бақылап, реттеумен айналысуға тиіс. Ал оның инфрақұрылымын жаңғырту және жаңа технологияларды енгізу – жеке сектордың шаруасы.

Президент атап өткендей, шетелдік тәжірибені игеру және өзара тиімді серіктестік орнату — еліміздің су шаруашылығы мен коммуналдық инфрақұрылымын дамытуда ерекше маңызға ие. Осы бағытта Израильдің ұлттық су компаниясы - Mekorotтың жоғары мәртебелі басшылары Шымкент қаласына арнайы іссапармен келіп, «Су ресурстары–Маркетинг» ЖШС қызметімен танысты.
Сапардың басты мақсаты — су ресурстарын тиімді басқару, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту және мемлекеттік–жекешелік әріптестік (МЖӘ) тетігін зерттеу болды.
Барак Грабер, Mekorot Development & Enterprises компаниясының бас директоры және Израильдің ұлттық су компаниясы Mekorot-тың халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басшысы.

Инженерлік саладағы жоғары білімі мен стратегиялық басқару бойынша MBA дәрежесі бар Барак Грабер — Израильдің су саласындағы ең беделді мамандарының бірі. Ол халықаралық серіктестік пен инновациялық шешімдерді енгізуде үлкен тәжірибеге ие және бүгінде Қазақстан мен Израиль арасындағы су технологиялары бағытындағы ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосуда. Кездесу барысында суды басқару мен инфрақұрылымдық жобаларды дамытудағы тәжірибесімен бөлісті.

Даниэль Софер, Mekorot компаниясының вице-президенті, инженерлік салада 30 жылдан астам тәжірибесі бар білікті маман. Ол Израильдің су инфрақұрылымын дамытуда, өңірлік жобаларды басқаруда және заманауи технологияларды енгізуде айрықша жетістіктерге жеткен. Оның кәсіби көзқарасы мен басқарушылық қабілеті компанияның табысты дамуына және халықаралық беделінің артуына ықпал етіп келеді.

Кәсіпорын жоғары мәртебелі қонақтарға сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі заманауи технологиялық процестерді, автоматтандыру мен цифрландырудың тиімділігін көрсетті. Соның нәтижесінде апаттылық деңгейі айтарлықтай төмендеп, су шығыны 45%-дан 17%-ға дейін азайғаны, ал көрсетілетін қызмет сапасы артқаны атап өтілді.

Қонақтар орталық диспетчерлік қызметтің жұмысымен және желілерді жаңарту кезінде қолданылатын инновациялық әдістермен танысты. Сондай-ақ, ағынды суларды тазарту кешенінде қолданылатын ydro process®️ биотехнологиясының ерекшеліктеріне назар аударып, өндірістік процестердің экологиялық және энергия үнемдейтін тиімділігін жоғары бағалады.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар су ресурстарын басқару, инфрақұрылымды жаңғырту және мемлекеттік–жекешелік әріптестік (МЖӘ) форматындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру бағытында ынтымақтастықты кеңейтуге ниет білдірді.

Израильдік және қазақстандық мамандар арасындағы бұл кездесу — екі ел арасындағы су саласындағы серіктестікті нығайтып, инновациялық тәжірибе алмасуға жол ашқан маңызды қадам болды.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары