Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 31.08.2020
Шымкент қаласының әкімдігі қашан шара қолданады?
Сайрамсу өзенін тексеру Шымкент қаласының әкімдігі суды қорғау аймағын тазарту бойынша шаралар қабылдамай отырғанын көрсетті.
Арал-Сырдария инспекциясы басшысының Түркістан облысы бойынша орынбасары Қ.Қожамқұлова айтқандай, Сайрам мен Қаратөбе арасындағы өзен арнасы қоқыс полигонына айналды. Мұнда адам өмірінің қалдықтары ғана емес, сонымен қатар малдың да қалдықтары төгіледі. Арал-Сырдария инспекциясының басшылығы он жыл бойына биліктің назарын осы фактіге аударып келеді, бірақ әзірге нәтиже жоқ. «Қызыл аймақ» қоқыс орны ретінде қолданыла беруде.
Осы уақытқа дейін көп қабатты үйлерден ағынды сулардың ағу мәселесі шешілмеген. Шымкент қаласындағы «Базарқақпа» тұрғын алабында орталықтандырылған су бұру жүйесінің жоқтығынан (қалалық кәріз жүйесіне қосылмаған) көп қабатты тұрғын үйлерден шыққан сарқынды сулар Сайрамсу өзеніне төгіледі. Бұл мәселені шешу үшін Шымкент қаласының әкімдігіне хаттар жіберілді.
Өзен елді мекендер арқылы өтіп, Бадам өзенін қоректендіретіндігін ескерсек, санитарлық нормаларға немқұрайлы қарау қандай проблемаларға айналуы мүмкін екенін болжау қиын емес.
Т.Бурдель
«ЮКинформ» порталы
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты