Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 31.08.2020
Ұйымдар қоршаған ортаны жақсартуға мүдделі емес
Бүгінгі күні экологиялық проблемаларды шешуге қоғамдық ұйымдардың қатысу индикаторы өте төмен: бұл бағытта тек 170 ҮЕҰ жұмыс істейді, бұл олардың елдегі жалпы санының 3,3% құрайды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі экология тақырыбындағы әлеуметтік жобалардың үлесі жалпы көлемнің 2%-нан аспайды. Сонымен қатар, орталық мемлекеттік органдарда, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен басқа, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі экологиялық жобалар мүлдем жоқ.








