Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 01.09.2020
Ішкі аудитор – ерекше жауапкершілік!
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де кешенді басқару жүйесінің ішкі аудиторларын оқыту бойынша семинар өтті. Тренингті қазақстандық сапа ұйымының жаттықтырушы-кеңесшісі жүргізді. Үш күн барысында мекеме мамандары сапа, экология, қауіпсіздік пен еңбек менеджменті жүйелерін зерттеді.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і сапа менеджменті жүйесін енгізген қазақстандық коммуналдық кәсіпорындар арасында алғашқылардың бірі болып табылады. Бұл 2006 жылы болған. 2010 жылы экологиялық менеджмент және еңбек қауіпсіздігі жүйелері енгізілді. Осылайша жүйе кіріктірілді.
«Бұл семинарға жас мамандар қатысуда. Олар өте белсенді және қызығушылығы жоғары. Көпшілігінің өзі семинарға қатысуға ниет білдірді. Семинар өте қызықты өтуде, көптеген практикалық сабақтар бар. Келесі аудит оқыту сәтті өткендігін көрсетеді деп үміттенеміз», - деді Галия Муртазина, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і бас директорының көмекшісі.
Ішкі аудит дегеніміз не? Бұл кәсіпорынды басқару жүйесін алға жылжытатын энергияның жиынтығы. Бұл жүйені қолданыстағы стандарттарға сәйкес ұстау құралы. Ішкі аудитор сертификатын алатын мамандарға ерекше талаптар қойылады.
«Бұл ішкі аудит құрылымында жұмыс істей алатын мамандар болуы керек. Белгілі бір білімі бар мамандар, ең болмағанда бастауыш. Білім ішкі аудитордың сертификатымен расталады», - деді Владимир Куракин, Қазақстан сапа ұйымының кеңесшісі.
Барлық қатысушылар оқуды аяқтап, қорытынды сынақтан сәтті өтті. Ішкі аудитор сертификаты келесі үш жыл ішінде жарамды болады. Осы кезең аяқталғаннан кейін жаңа дайындық басталады.
барлық дауыс: 5539
дауыс мұрағаты