русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 07.09.2020

Қолданар алдында тексеріп алыңыз!
Шымкент – ыстық қала, ал мұндағы су – стратегиялық өнім. Көптеген адамдар орталық су құбырын қолданып қана қоймай, сонымен қатар құдық қазады, ұңғымалар бұрғылайды, басқа көздерді, мысалы, бұлақтарды пайдаланады,.
Егер мұндай су техникалық мақсаттарда пайдаланылса: бақшаны суару, бассейнді толтыру, автокөлік жуу және т.с.с., мұның қорқыныштысы жоқ. Бірақ егер суды ішу үшін пайдаланғыңыз келсе, онда сіз өзіңіздің денсаулығыңыз туралы ойлануыңыз керек. Суды қолданар алдында тексеру қажет. Өйткені, жер асты көздеріне, оның ішінде ағынды суларға кез-келген нәрсе енуі мүмкін. Барлығының орталық кәріз жүйесі бола бермейді, бұлақтардың айналасындағы санитарлық-қорғау аймағы да жиі сақталмайды.
Тұтынушының өзі қай жерде және қандай мөлшерде судың зертханалық сынақтарынан өтетінін таңдауға құқылы. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і зертханасының мұндай талдаулар жүргізуге құқығы бар екенін хабарлаймыз. Белгілі себептерге байланысты бұл қызмет ақылы.
«Тапсырыс беруші біздің кәсіпорынның бас директорының атына өтініш жазуы керек. Құжатқа қол қойғаннан кейін біздің қызметкерлер оның үйіне барып, зерттеу үшін сынақ үлгілерін алады. Талдаудан кейін тапсырыс берушіге шот-фактура жазылады, ал төлем жасалғаннан кейін суға қатысты нормативтік талаптар мен алынған мәліметтер көрсетілген сынақ хаттамасы беріледі», - дейді «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і зертханасының меңгерушісі Гүлжан Жауылбаева. Тұтынушы басты сұраққа міндетті түрде жауап алады – бұл суды ішуге бола ма, жоқ па? Қажет болса, оған су көзін зарарсыздандыру бойынша ұсыныстар мен кеңестер беріледі.
Суды қарапайым талдау (химиялық зерттеу) 19 152 теңгені құрайды. Егер бактериологиялық талдауды қосатын болсақ, оның құны 21000-ға дейін көтеріледі. Судың толық зерттеуі 100000 теңгені құрайды.
Егер сізде суды зерттеу бойынша сұрақтарыңыз болса, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-мен әлеуметтік желілер арқылы байланысуға немесе +77019892219, +77057581111 нөмірлеріне хабарласуға болады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары