Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 08.09.2020
«Нұр Отан» ХДП партияішілік сайлауының үгіт кезеңі
8 қыркүйекте «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де депутаттыққа кандидаттардың кәсіпорын қызметкерлерімен кездесуі өтті.
Келесі кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламалары туралы айтты: Данияр Үсенов, Ерлан Айтбаев, Берік Бекжанов, Серік Сұлтанов, Бекайдар Төлегенов. Жиналысты «Нұр Отан» партиясы «Оңтүстік су» филиалының бірінші орынбасары Әбдібек Тәңірбергенов жүргізді.
Әрбір үміткерге қазақстандықтардың өмірін жақсарту және өзекті мәселелерді шешу бойынша өз идеялары мен ұсыныстары туралы айту мүмкіндігі берілді. Кәсіпорын қызметкерлері партия мүшелеріне қойған сұрақтарында қарапайым адамдарды толғандыратын түрлі тақырыптар көтерілді. Олар әсіресе сыбайлас жемқорлықпен күрес, денсаулық сақтау, мәдениет пен экологияны дамыту мәселелерін қозғады.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты