Жаңалық - Микс
новость от 09.09.2020
Орман қорының ең үлкен жаңаруы
2030 жылға қарай орман жамылғысының үлесін қазіргі 4,7%-дан Қазақстан аумағының 5%-на дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Алдағы 5 жылда қалаларда 15 миллион ағаш отырғызылады. Бірақ басты назар орман қорына аударылатын болады. Ол жерге 2 миллиард ағаш отырғызылады. Елорданың айналасындағы жасыл белдеудің аумағы 2023 жылға қарай 100 мың гектарға жетеді. Бұл біздің еліміздегі орман қорының ең ауқымды жаңаруы болады. Астананың айналасындағы жасыл белдеудің тәжірибесі көрсеткендей, ағаштар климатты біртіндеп өзгертеді, оны жұмсақ етеді және желден қорғайды. Сонымен қатар, жасыл белдеуде маралдар, еліктер, суырлар, дала қарсақтары, ондатрлар, қояндар, қырғауылдар мекен етті.
барлық дауыс: 5072
дауыс мұрағаты