Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 09.09.2020
Заңдастыру 10 қазанға дейін жалғасады
Назар аударыңыз! «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і кәсіпорын балансында орналасқан кәріз желілеріне жеке тұлғалардың заңсыз қосылуын заңдастыру бойынша уақытша науқанды жалғастырып жатқанын еске саламыз. Заңдастыру 2020 жылдың 10 қазанына дейін жалғасады.
Өкінішке орай, жекеменшік секторда тұратын кейбір азаматтардың техникалық шарттарды сақтамай, жеке шот ашпай және қызмет ұсынушы кәсіпорынмен келісім жасамай кәріз желілеріне рұқсатсыз қосылу фактілері кездесуде. Яғни, бұл заңсыз! «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і заңсыз негізде кәріз желілеріне қосылуды жүзеге асырған абоненттерді кәріз қызметін пайдалануды заңдастыруға шақырады.
«Ол үшін бізге келіп, техникалық шарттарды алу керек. Олар 5 жұмыс күні ішінде тегін беріледі. Техникалық шарттарды алу үшін өтініш берушілерде үш құжат болуы керек: жеке куәлік, жер учаскесіне мемлекеттік акт және халыққа қызмет көрсету орталығынан меншік иесінің құқығын туралы үзінді (выписка)», - дейді «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы Самат Есімханов.
Кәріз желілерін заңсыз негізде пайдалануды жалғастыратындарға Қазақстан республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігі төрағасының 26.09.2011ж. № 354 бұйрығымен бекітілген «Елді мекендерде сумен жабдықтау және (немесе) ағынды суларды ағызу көлемін есептеу әдістемесінің» 22-тармағы 6) тармақшасына сәйкес қызметтер көлемі саналатын болады. Бұл жағдайда қызметтердің көлемі рұқсатсыз қосылған құбырдың толық өткізу қабілеттілігі негізінде нақты пайдаланған мерзімге есептеледі.
Қазіргі уақытта қалалық желілерге қосылуды бақылау арқылы абоненттік базаны түгендеу жүргізіліп жатқандығын хабарлаймыз. Осы мәселе бойынша ақпарат пен кеңес алу үшін телефон - 8 (7252) 32-12-47 (ішкі 226).
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты