Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 13.09.2020
Миллиондық қаланы сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету оңай жұмыс емес. Әр бөлім басшысы, әр бөлімше өз жұмысын тиімді орындап отырғанның өзінде сауатты жоспарлау және нақты басқарусыз алып механизмнің жұмысында іркілістер орын алуы мүмкін.
Тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуді қолдайтын шаралардың бірі – жоспарлау. Аптасына екі рет «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің әкімшілігі мен пайдалану және дилерлік ұйымдардың басшылары жиындар өткізіп тұрады. Қазіргі «пандемия» кезеңінде мұндай жиындар видеоконференция форматында жүргізілуде.
Модератор ретінде, әдеттегідей, кәсіпорынның бас директоры Анарбек Орман өзі болып табылады.Стратегиялық болып келетін алғашқы жиын аптаның сейсенбі күні өткізіледі.Бұл жиында бас директордың орынбасарлары мен негізігі бөлімдердің басшылары орындалған жұмыстар мен перспективалары жөнінде есеп береді. Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласындағы қызметтердің сапасын көтеру мәселелері шешіледі.
Барлық қажетті деректер - фотосуреттер, графика және диаграммалар арқылы үлкен экранға шығарылады. Екінші, жұма күнгі « лездеме» (планерка) жиынында орталық дисперчерлік қызмет, тұрғындармен жұмыс жасау қызметі, су ресурстары инспекциясы және басқа да маңызды бөлімшелердің баянаттары тыңдалады.Ағымдағы жұмыстар және перспективалар талқыланып, өзекті мәселелер шешімін табады.Тапсырмалар беріліп, бақылауға алынады.
Айта кетейік, еңбек тәртібі өте қатаң болғандықтан, анықталған бұзушылықтары үшін қызметкерлер де қатаң жазаланады. Түскен шағымдар міндетті түрде қаралып, шешімін табады. Еске салайық, сумен жабдықтау және суды бұру қызметіне байланысты мәселе туса бізге жазыңыз немесе телефон арқылы хабарласыңыз.
Біздің байланыс: орталық диспетчерлік қызмет: +77081102121,321-274
Қоғаммен байланыс бөлімінің номерлері: +77019892219;+77057581111(wahtsapp)
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
16.0%
барлық дауыс: 5539
дауыс мұрағаты