русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 15.09.2020

«№ 1 жеке сектор» дилерлік учаскесінің негізгі міндеті – сумен жабдықтау және суды бұру қызметтерінің төлемін бақылау және жеке есептегіш құралдарының көрсеткіштерін алу. Жалпы алғанда, осы ұйым қызмет көрсететін аумақта 44 26 абонент тұрады.Бұл Шымкент қаласын сумен жабдықтау қызметін тұтынушыларының төрттенбір бөлігі.Дилерлік учаске өз қызметін Абай ауданы, Әл-Фараби ауданы,Енбекші және Қаратау аудандарында жүргізеді.Орташа есеппен, бір бақылаушыға 1000 үйден келеді.
Шымкент қаласының едәуір бөлігінде қызмет көрсетіп отырған дилерлік учаскені Нарбеков Бауыржан басқарады. Оның су арнасындағы жұмыс өтілі 27 жыл, қарапайым бақылаушыдан бастаған, ал қазіргі уақытта кәсіпорын басшысы.Оның қарамағында 61 адам - жылдар бойы қалыптасқан ұжым.
«№1 жеке сектор» дилерлік учаскесіне Қаратау ауданынан басқа, үш аудандық пайдалану учаскелері қарайды. Осы бөлімшелерге жалпы көшелік және орамдық су есептегіштерінен жеке есептегіш құралдары бар тарату тораптарына дейінгі сумен жабдықтау желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу жүктелген.Су есептегішінен кейінгі су құбырының бөлігі абоненттің өз меншігі болып табылады. Бірақ, өз қалауына қарай тұтынушы техникалық қызмет көрсету жөнінде дилерлік учаскемен келісімшарт түзсе болады.Жеке сектор тұрғындарына бұл қызмет айына 205 тенге тұрады. Осы уақытта 9 мың абонентпен техникалық қызмет көрсету жөніндегі келісімшарт түзілді.
Дилерлік учаскенің орталық кеңсесі Дулати көшесі (Рысқұлов көшесінің қиылысы), «Табыс» СО-ның ғимаратында орналасқан. Сумен жабдықтау және суды бұру қызметіне байланысты саулдары бар абоненттер осы жерге келеді. Тағы да қосалқы екі кеңсе Төлеби көш.,16 және Толстой көшесі н/з (Желтоқсан-Сайрам көшелерінің қиылысында) орналасқан.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары