Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 17.09.2020
Су басудың алдын алу мақсатында Шымкент қаласында Казбакалейторгтан бастап Аймауытов көшесіне дейін Жаңа ішек арнасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл ирригациялық жүйелердің негізгі жолы. Арнаның ұзындығы 4,4 км. Күрделі жөндеу қарашада аяқталады. Одан басқа Шымкент қаласының энергетика жəне коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары ұзындығы 97,7 км 9 өзен-арнаның, оған қоса ұзындығы 485 км ирригациялық желілердің санитарлық тазалауын өткізуде. Оларға Қошқар ата, Қарасу өзендері мен Ақсай-Қарабастау, Шымкент, Жаңа ішек, Компас, Тоғыс, Сасық жəне Ынтымақ арналары жатады. Ағымдағы жыл басынан өзен мен арналардың 48,2 км тазартылды. Бюджеттен қаржы бөлініп, су басу қаупі бар 32 мекенде 14,2 км ирригациялық желілерді салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты