Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 23.09.2020
Кіші Талдыкөл көлінде тырысқақ және де басқа жұқпалы аурылардың ізі табылды.Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен мәлімдеді.
Кіші Талдыкөл осыдан он жылдар бұрын еріген қар суларынан пайда болған.Үлкен Талдыкөл тіпті қаланың лас сулары ағып түскен орталық коллектор болған.Елнар Базыкеннің сөзіне қарасақ Кіші Талдыкөлді ең алдымен құрғату қажет, одан кейін не істеу керек екенін шешіледі: құрылыс болады ма немесе жаңа сумен толтыру қажет пе. Екінші нұсқасы қымтаттау түседі. Маманның сөзі бойынша, көлдегі су деңгейі жыл сайын төмендеп жатыр, ал зиянды заттардың концентраттары лаймен бірге су түбінде жиналып жатыр.Суды толығымен құртып, рекреациялық аймақ құру қажет.
«Қазіргі кезде осындай аймақтарға салатын қомақты қаржы жоқ. Екінші стратегиялық жол бар: инвестор табылса,ол суын ауыстырып, су қоймасын құрады, бірақ өз есебінен жағалауда құрылыс жүргізеді. Қазіргі уақытта дилемма осыда болып тұр »- дейді маман.
СЭС –ның суға талдау жасау нәтижелерін интернет арқылы көруге болады. Мұның өзінде, үкімет басшылары, көлдің мәселесі шешілер алдында, астана тұрғындарының қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізіледі деп уәде берді.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты