русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Аймақ жаңалықтары

новость от 24.09.2020

ҚР экология геология және табиғи ресурстары Министрлігі су ресурстары жөніндегі Комитетінің жанындағы «Казводхоз» РМК «Шардара» су қоймасында құмнан қаланған қабырғаларды қалыңдату және жер асты суларының деңгейін төмендету мақсатында қайта құру жұмыстарын бастады.
2019 жылы республикалық бюджеттен су қоймасының қабырғаларын бекітуге 7 млрд.733 млн.теңге бөлінген. Осылайша 56 жыл бұрын салынған резервуарды жаңғырту жұмыстары жайлап жүріп жатыр.Су қоймасын қайта құру жұмыстарын 2021 жылдың соңында бітіру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта құрылыс жоспар бойынша жүріп жатыр, жоспарланған жаңғырту жұмыстары 33%-ға орындалды.Осы уақытқа дейін Шардара су қоймасындағы бұрғыма саны 183 еді. Қазір 600 бұрғыма бар. Шардара су қоймасының жалпы сыйымдылығы 5 миллиард 200 миллион текше метрді құрайды.Су қоймасының ішінде 792 миллион текше метр су бар.
Құрылыс жұмыстары аяқталған соң судың есебі мен таратылуы автоматтандырылады. «Барлық жерде электрондық компьютерлер тұратын болады.Бөгеттен шыққан су компьютер арқылы есептеліп отырады.Бұның бәрі біздің мамандардың бақылауында. Бұрын біздің гидравликтер бөгетті толық тексеріп судың деңгейін қолмен өлшеп жүрген» - дейді Шардара су қоймасының өндірістік бөлімінің бастығы Абай Муталиев.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары