Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 27.09.2020
Аптаған ыстық өз мәресіне жетті, кейбіреулері жазғы демалыстан, кейбіреулері саяжайлық маусымды жауып қалаға қайтап оралып жатыр. Көбінесе жаз мезгілінде алыс жаққа немесе елден кететін абоненттер, қайта оралғанда артық төлемеу үшін « Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не сумен жабдықтау және суды бұру қызметтерін уақытша тоқтата тұруға өтінімдер береді. Қайтып келгеннен кейін не істеу қажет? Қызметтерді қайта қосу үшін қандай әрекеттерді қолдану тиіс? Біріншіден, өзіңіз тұратын аудандық дилерлік учаскіге хабарласу қажет. Менжайы мен байланыс нөмірлері төменде көрсетіледі. Екіншіден, егерде бір жағдайлармен дилерлік бөлімшеге хабарласа алмасаңыз, онда ОДҚ-не : 8(7252) 32-12-74 нөміріне қоңырау шалсаңыз қажетті ақпаратты береді.
Хабарласқан соң сізге не істеу қажет екенін толық түсіндіріп береді. Сумен жабдықтау және суды бұру қызметтерін қайта қосу ақысыз екенін еске саламыз. Сондай-ақ, сумен жабдықтау және суды бұру қызметтеріне қатысты сұрақтар жөнінде мына нөмірлерге 87019892219, 87057581111 немесе Фэйсбук,Инстаграм желілерінде бізге жазуға болады.
барлық дауыс: 5539
дауыс мұрағаты