Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 27.09.2020
Балық өндірісін ынталандыру үшін балық өсіру шаруашылықтарына инвестициялық салымдар салумен (25%) қатар шығындардың бір бөлігін өтеу, балықтардың жеміне кеткен (30%) шығындарды өтеу және т.б. шаралары енгізілді. Жылдың соңына дейін Салық, Су және Жер кодекстеріне бірқатар түзетулер, өсірілген балықтың өз құнын төмендетін, балық өсіру шаруашылығының құрылысы кезінде шығындарды азайтатын сабақтас заңдар енгізіледі. «Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін әр облыс нақты индикаторларымен балық шаруашылығын дамытудың аймақтық бағдарламасын әзірлейді. «Әзірленіп жатқан балық саласын дамыту Концепциясына сәйкес Қазақстанда балық өндірісінің әлеуеті жылына 600 тоннаға дейін жетеді.Біздің бағамыз бойынша экспорттау көлемінің әлеуеті жыл сайын 300 мың тоннадан асады. Біз осы мүмкіндіктерді барынша іске асырудың барлық шараларын қолдануымыз тиіс.»- дейді А.Мамин.
Үкімет басшысы экология, геология және табиғи ресурстар, ауыл шаруашылығы және қаржы министрліктерімен қатар ұлттық экономика Министрлігіне балық шаруашылығында кооперацияны ынталандыру бойынша шаралар қарастырылуын тапсырды.Әкімдіктерге балық және балық өнімдерін сату бойынша сауда дүңгіршектерін қала және басқа елді мекендерде орналастыру мәселесін пысықтауды тапсырды. Жұмыс сапары кезінде А.Мамин «Vita» және «Хамит» балық өсіру шаруашылықтарын аралап, ҚР балық шаруашылығы көрмесіне қатысты, сонымен қатар, Шардара су қоймасының бөгетін күрделі жөндеу және ГЭС-сын жаңғырту жұмыстарының барысымен танысып қайтты.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты