русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 02.09.2025

Қытайдың Тяньцзин қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұйым аясында Су мәселесін зерттеу орталығын ашуды ұсынды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Климат өзгерісі шекара таңдамай, әлемнің көптеген елі мен өңіріне қауіп төндіріп отыр. Нақты қатерлерге, мәселен, шөлейттенуге, құрғақшылыққа, су қоймаларының тартылуына, мұздықтардың еруіне және басқа да экологиялық мәселелерге қарсы күрес стратегиясын бірлесе әзірлеу өзекті. Сондықтан Қазақстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының Су мәселелерін зерттеу орталығын ашуды қолдаймыз" деді Тоқаев.

Бұған қоса, Қазақстан президенті ШЫҰ-ның терроризм, діни экстремизм, есірткі тасымалы, заңсыз көші-қон, киберқылмыспен күрес жөнінде төрт орталық құру бастамасын қолдады.

"ШЫҰ мен Азиядағы өзара сенім шаралары жөніндегі кеңес арасында іскерлік байланыстарды күшейту маңызды деп ойлаймыз. ШЫҰ елдерін Ауғанстанға гуманитарлық, техникалық көмек көрсетуді жалғастыруға шақырамын. Сол арқылы аталған мемлекетті қалпына келтіріп, өңірлік және экономикалық процестерге қатыстыра аламыз. Қазақстан Ауғанстанның бірқатар инфрақұрылымдық және логистикалық жобаларының құрылысына кірісті. Бұл ШЫҰ мемлекеттері арасындағы өзара байланысты күшейтуге мүмкіндік береді" деді ол.

·         Бұған қоса, Орталық Азия елдері мен Ауғанстан су мәселесі шешуге тырысып жатыр. Бірнеше өзен мен су көздерін ортақ пайдаланатын аймақта жаз кезінде қуаңшылық болып, елдер су бөлісе алмай жатады. Былтыр Астанада өткен Орталық Азия елдері басшыларының жиынында да осы мәселе талқыланған. Тяньцзиндегі ШЫҰ саммитінде де Қазақстан басшысы Тоқаев аймақтағы су мәселесін көтеріп отыр.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары