русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Аймақ жаңалықтары

новость от 29.09.2020

«Оңтүстік» АЭА зауыттардан заңсыз түрде кәріз жүйесі үшін ақша жинап отырған» - деп мәлімдеді Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі комитетінің департамент басшысы Дархан Каинбердиев. Осы ведомство арнайы экономикалық аймақ кәсіпорындардан 160 млн теңгедей ақша жинағанын анықтады.15 зауыт монополияға қарсы ведомствомен бекітілмеген тарифтар бойынша қомақты сомаларды төлеп келген.Миллиондаған төлемдерді ведомство кездейсоқ байқап қалған. Сумен жабдықтау қызметтері бойынша өтінімді қарастыру кезінде, келісімшартты зерделей келе суды бұру қызметтері бойынша тариф тұрғанын көрген. Ал, анықтай бастаған кезде, бекітілмеген тарифтің 2016 жылдан бере қолданыста екені түсінікті болды. Енді сол ісіне арнайы экономикалық аймақ 16 млн. айыппұл төлейді.Және де сот шешімі бойынша ЕЭА зауыттарға ақшасын қайтарып беруге тиіс. «ЕЭА сот шешімімен келіспеген, бірақ,аппеляция және бірінші инстанциялы сотта жеңіліп қалды.Олар айыппұлды төлеп шықты. Енді тұтынушылардың ақшасын қайтару жұмыстары басталды.Дегенмен, олардың айтуынша 5 жыл ішіндегі ақша – көп сома, банкротқа ұшырауымыз мүмкін деп өз дегенінде тұр. Бірақ біз, заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды деп жатырмыз.Егер де сіздер қателессеңіздер тұтынушыларға қайтарып беру керек екенін айтып жатырмыз.»- деді Дархан Каинбердиев.Монополияға қарсы комитетінде АЭА қалалық су арнасының желілеріне қосылатын өз аймағындағы желілері бар екенін және олардың бойымен тазарту құрылғыларына қалдықтар келіп түсетінін анықтап берді. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің АЭА төлем жасап отырған қызметтеріне өз тарифы бар. Тек өз аймағында орналасқан зауыттардан кәріз жүйесіне қосылуға АЭА үстінен 20-30 теңге көріп отырған.Осы айырма 5 жыл ішінде 160 млн. теңгеге дейін өсіп кеткен.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары