Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 06.10.2020
Магистральдық және кварталішілік жылу желілері сумен толтырылуда
Шымкентте жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда. 1 қазаннан бастап қаланың магистральдық және кварталішілік жылу желілерін суық сумен толтыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні магистралды жылу желілері толығымен сумен толтырылған.
«Орталықтандырылған жылу желілерін сумен толтыру жұмыстары жалғасуда. Бұл бағыттағы жұмыстар 60 пайызға аяқталды. 10-12 қазанға дейін қаланың негізгі кварталішілік жылу желілері толығымен суық сумен толтырылады», - деді Шымкент қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы Гүлназ Шадманова.
Шымкентте жылу маусымы 15 қазанда басталады. Алдымен жылу әлеуметтік маңызы бар нысандарға – ауруханаларға, балабақшаларға, мектептерге беріледі, содан кейін ол азаматтардың пәтеріне барады.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты